КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы еңбек заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз ету, білім саласы қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Кәсіподақ ұйымы білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарының заң аясында жүзеге асырылуына, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерінің орындалуына ерекше назар аударады.
Осы мақсатта «Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында бастауыш ұйымдарындағы еңбек жағдайын, өзекті мәселелерді зерделеу мақсатында оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының бас маманы Индира Сақауова және Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Темір ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан аумағындағы бірқатар білім беру мекемелерінде болды.
Сапар аясында Темір аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде, Шұбарқұдық №1 мектеп-гимназиясында және Шұбарқұдық №2 мектеп-гимназиясында ұжымдық шарттардың орындалуы, қоғамдық бақылау мәселелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық жұмыстары, сондай-ақ жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды. Сонымен қатар, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер бойынша түсіндірме беріліп, әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерімен кездесулер өткізіліп, бастауыш білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелер, еңбек жағдайы, жалақы, әлеуметтік қолдау шаралары және кәсіподақ қызметінің тиімділігі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ педагогтар мен қызметкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, еңбек заңнамасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу нәтижесінде көтерілген мәселелер кәсіподақ тарапынан назарға алынып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
-
Фото
-