ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
Кәсіподақтар үйінде Қарағанды облыстық білім беру, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының кезекті Пленумы өтті.
Пленум жұмысына Пленум мүшелері, қалалық және аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ облыстық кәсіподаққа тікелей бағынысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – XV кәсіподақ съезінің шешімдерін және 2024–2029 жылдарға арналған Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы қызметінің бағдарламасын іске асыру барысы болды.
Аталған мәселе бойынша негізгі баяндаманы облыстық ұйым төрайымы Ракишева Алмагүл Айтақазықызы жасады. Өз сөзінде ол кәсіподақ қызметіндегі сабақтастықтың, жауапкершіліктің және сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғаудағы белсенділіктің маңыздылығын атап өтті.
Пленум барысында сөз сөйлеген қатысушылар бағдарламаны іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстардың өзектілігіне тоқталып, кәсіподақ қозғалысын одан әрі нығайту, жастардың белсенділігін арттыру және жергілікті деңгейдегі кәсіподақ жұмысының тиімділігін күшейту жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Меруерт Хасенова, Бұқар жырау аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Эльвира Хамитова, облыстық кәсіподақтың «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы Темірлан Серіков баяндама жасады.
Пленум іскерлік әрі конструктивті жағдайда өтті. Қабылданған шешімдер оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім беру саласы қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымын одан әрі дамытуға бағытталды.
-
Фото
-