ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
Омарова Балхан Хамитқызы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Балалар өнер мектебінің Егіндібұлақ селосының филиалында 1979 жылдан бері үздікіз еңбек етіп келе жатқан үлгі тұтар ұстаз.
Қазақтың қасиетті қара домбырасын жас ұрпақтың жүрегіне сіңіріп, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті оятып жүрген жандардың бірі – домбыра сыныбының ұстазы Балхан Хамитқызы. Ол тек өз ісінің шебері ғана емес, шәкірттеріне рухани тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ұстаз.
Ұстаздық жолында әрбір баланың қабілетін ескеріп, домбыра үйретуде заманауи әдіс-тәсілдер мен дәстүрлі оқыту жолдарын ұштастыра біледі. Сабақ барысында күй тарихын, оның мазмұны мен тәрбиелік мәнін түсіндіріп, оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттырады. Домбыра үні арқылы балаларды сабырлылыққа, еңбекқорлыққа, ұлттық болмысқа баулиды.
Ұстаздың еңбегінің нәтижесі түрлі мәдени іс-шаралар мен концерттерде көптеген байқауларда өнер көрсетіп жүрген шәкірттерінің жетістіктері. Оның тәрбиесін көрген оқушылар сахна мәдениетін сақтап, қазақ өнерін мақтанышпен насихаттап келеді. Бұл ұлағатты ұстаздың үздіксіз еңбегі мен шәкірттеріне деген шынайы жанашырлығының айғағы.
Балхан Хамитқызы – ұлағатты сөзімен, үлгілі ісімен шәкірттеріне бағыт-бағдар беретін, ұлттық өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан нағыз өнегелі ұстаз. Осындай ұстаздардың арқасында қазақтың күй өнері мәңгілік өмір сүрері сөзсіз.