КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ДЕМАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің қызметкерлері үшін табиғат аясында демалу - ең жақсы мотивация!
Кез келген команда үшін бірлескен демалыс пен ойын-сауық күшті ынталандыру және тамаша мотивация болып табылады. Сондықтан биылғы жылы біздің Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіндегі кәсіподақ өз қызметкерлері үшін тағы да команда құру іс-шарасын ұйымдастырды.
Білесіз бе? Табиғат аясындағы демалыс керемет болды! Шығыс Қазақстан облысының табиғаты шынымен де таңғажайып, теңдесі жоқ! Біз сергіп, позитивті көңіл-күйге бөленіп, ұмытылмас естеліктермен қауыштық. Мұндай іс-шаралар команданы біріктіріп қана қоймай, күнделікті уайымдардан арылуға және жаңа бастамаларға күш пен шабыт алуға көмектеседі.
Бұл команда құру іс-шарасы колледжіміз үшін жаңа табыстар мен жетістіктердің тамаша бастамасы болатынына сенімдіміз!
Ж.Даутова,
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы