ЖАРЫС АЛАҢЫНДА – УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жыл сайын өтетін Спартакиада–2026 салтанатты түрде ашылды. Университет ұстаздары мен қызметкерлерінің арасында салауаттылықты дәріптеп, спортты сүйіспеншілікке ұластыруды мақсат еткен бұл шара – ұжымдық рухтың айқын көрінісі.
Қаңтардың алтысы күні жеребе тартылып, аламан доданың алғашқы кезеңі басталды. Бес күнге созылатын сында 10 команда спорттың жеті түрінен бақ сынайды.
Спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған университет проректоры И.В.Ровнякова спорттың маңыздылығын тереңнен толғап, барлық қатысушыларға жарыс жолында жеңіс тіледі.
Спартакиада – университет ұжымының арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, спортқа деген құштарлықты оятуға зор мүмкіндік. Аламан бәйге аяқталған соң, жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз еңбектерінің жемісін көріп, лайықты марапатқа ие болады.
Баршаңызға сәттілік жолдас болсын! Мықтылардың мерейі үстем болғай!
Шығыс Қазақстан облыстық ұйым
-
Фото
-