ЖАС МАМАН
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Аманбеков Заманбек Асылбекұлы.
Ол еңбекке араласқан 3 жыл ішінде өзін кәсіби тұрғыда дәлелдеп, білім саласында белсенді ізденісімен танылған жас педагог. Халықаралық конференциялардың спикері, республикалық, облыстық кәсіби байқаулардың жеңімпазы, сондай-ақ облыстық және аудандық деңгейдегі түрлі форумдар мен семинарлардың ұйымдастырушысы және спикері ретінде танылып жүр.
Негізгі жетістіктері мен мәртебелері:
«Ұстаз – ұлт айнасы» төсбелгісінің иегері;
Педагогика ғылымдарының магистрі;
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми кеңес мүшесі;
Алтынсарин академиясының MDS мұғалімдер жобасының түлегі;
Алтынсарин академиясының «Ауыл мектебі – сапа алаңы» бағыты бойынша әдістемелік әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, 2025 жылға арналған арнайы әдістемелік ұсынымның авторларының бірі.
«Үздік математика пәні мұғалімі – 2024» атағының иегері және т.б.
Ең басты нәтиже – оқушыларының жетістігі:
облыстық пәндік олимпиадалардың;
республикалық шығармашылық байқаулардың;
«Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңінің;
«Дарын», «Зерде» ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары;
Ақтөбеде өткен республикалық Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастырған олимпиаданың 1,2,3 орын иегерлері.
Бұл ауыл мектебінде еңбек ете отырып, үлкен мақсаттарға жетуге болатынын дәлелдейтін нақты нәтиже.
Жас ұстаздың негізгі ұстанымы – сапалы білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу және әр оқушының жұлдызын жағу.