МАРАПАТТАР – ҮЗДІКТЕРГЕ
Бүгін, 15 желтоқсанда, Тәуелсіздік күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақтар ұйымы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында түрлі салалардағы үздік кәсіподақ белсенділері, соның ішінде білім беру саласының өкілдері марапатталды.
Салтанатты отырысты ашқан Кәсіподақтар орталығының баспасөз хатшысы Е.Е.Нұрақаев қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Марапаттарға кәсіподақ белсенділері, әлеуметтік әріптестер, облыстық кәсіподақ өкілдері ие болды.
«Кәсіподақтар қозғалысына – 120 жыл» мерекелік медалі Шал Ақын аудандық комитет филиалының төрағасы Д. Жарқынбаевқа табысталды.
Марапаттау рәсімін салалық кәсіподақтардың төрағалары жалғастырды.
Білім беру саласының кәсіподақ белсенділерін Солтүстік Қазақстан облыстық ғылым, ағарту қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Е.Аюпов марапаттады.
«Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Менің еңбегімді жоғары бағалағаны үшін кәсіподаққа алғысымды білдіремін, мен және әріптестерім – зейнеткерлер кәсіподақ ұйымдары тарапынан ұдайы қамқорлық пен назарды сезінеді», - деді еңбек ардагері А.А. Кузурман.
Марапатталғандардың барлығын еңбек адамының игілігі жолындағы қызметтері лайықты бағалануымен құттықтаймыз!