КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҮШІН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«Оқу - ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Ескелді аудандық филиалы «Істер номенклатурасын жүргізудің заманауи талаптары және оны әзірлеу тәртібі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясына ұйымдастырылып, оған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары шақырылды.
Шараны аудандық филиал төрағасы Әдия Айтбузинова ашып, кәсіподақ жұмысының өзектілігі мен негізгі бағыттарына тоқталды. Кәсіподақ құрамында 38 бастауыш ұйымда 2395 адам барын айтып, олардың біліктіліктерін арттыру бойынша түрлі форматта шаралар ұйымдастырылғанын айтып, ұйым төрағаларының еңбегін атап өтті.
Ескелді аудандық филиалдың есепшісі Гүлнар Байсақова семинардың негізгі бөлімде сөз алып, кәсіподақтың іс қағаздарын жүргізу мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық және қаржылық-шаруашылық құжаттарды қарастырудан бастады. Семинар барысында істер номенклатурасының мақсаты, оны құрастыру қағидаттары, ресімдеу тәртібі туралы толық мәлімет берілді.
Қаратал орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қарлығаш Ибрагимова өзінің тәжірбиесімен бөлісіп, кәсіподақтағы құжат айналымын ретке келтіруді тапсырып, тақырыптарын дұрыс ресімдеу, орналасу тәртібі, құжаттардың тізбесіне сәйкес сақтау мерзімдері мен тармақтарын белгілеу, қорытынды жазба кестесін толтыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Материалдарды меңгеруді жеңілдету мақсатында үлгі кестелер мен нақты мысалдар ұсынылды.
Семинар соңында БҚҰ төрағалары талқыланған тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Шара қорытындысында кәсіподақ белсенділері С.Дюсенбаева, Р.Увалиева, Г.Төлепбергенова, А.Сұлтанова сияқты кәсіподақ белсенділері қоғамдық бірлестіктің Құрмет Грамоталары, Алғыс хаттары және сертификаттармен марапатталды.
-
Фото
-