ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұрпақ тәрбиелеу жолына өмірін арнаған, білім мен парасатты биік қойған ұстаздар қауымында өз ісіне берілген, кәсіби деңгейі жоғары тұлғалар аз емес. Солардың бірі – ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне бар күш-жігерін арнап келе жатқан білікті педагог Жанияз Әлия Әбдіжалиқызы.
Әлия Жанияз ұстаздық еңбек жолын І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, алғашқы кезеңнен бастап-ақ кәсіби жауапкершілігімен, еңбекқорлығымен ерекшеленді. Алғашқы 6 жылда жинақтаған тәжірибесі бүгінде 39 жылдық үздіксіз педагогикалық өтілі бар үздік маманға айналдырды.
Қазіргі таңда ол – педагог-зерттеуші санатындағы, жаңашыл әдістемелерді тәжірибеде тиімді қолдана білетін, кәсіби білікті ұстаз. Ізденістің, кәсіби өсу мен дамудың арқасында ол жергілікті, облыстық және республикалық деңгейдегі марапаттарға ие болды. Солардың бірқатары – 2023 жылғы Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы», 2024 жылғы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, 2025 жылғы облыстық «Үздік эссе» байқауының І орны, «Үздік педагог» халықаралық-республикалық байқауының І орны және республикалық «Ең үздік сабақ жоспары – 2025» байқауының І орындары. Бұл марапаттардың барлығы ұстаздың жылдар бойғы еңбегінің, үздіксіз ізденісінің, жаңашылдыққа деген талпынысының нәтижесі.
Жанияз Әлия Әбдіжалиқызының өмір жолы мен еңбекқорлыққа толы қызметі – бүгінгі жас мұғалімдер үшін бағыт, болашақ педагогтар үшін үлгі. Тынымсыз ізденісі мен бітпес жігері арқылы ол ұстаз деген ұлы аттың лайықты иесі болып, шын мәніндегі еңбек адамын бейнелейді.