ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Бүркітбаева Гүлнар Бектұрғанқызы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің педагог-психологы, педагог-зерттеуші. Мектепте балаларға қатысты мәселелерді шешіп, алдын алу мақсатында психолог ретінде жұмыс жасайды.
Гүлнар білім алушылардың психикалық саулығының дұрыс қалыптасуы үшін жан-жақты жұмыс жасайтын білікті педагог-психолог. Түрлі деңгейдегі байқаулар мен семинар, іс-шараларға үнемі шығармашылығын шыңдап қатысып отырады.
Қанипа Бітібаева атындағы Республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығы «Үздік педагог-психолог» республикалық кәсіби байқауынан ІІ орын.
«Өрлеу Қазақстан» қоғамдық қоры тарапынан ұйымдастырылған, мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында өткізілген Республикалық «Педагогикалық шеберлік» атты сайысынан ІІ орын.
«Қызылорда облысы педагогтарының үздік әдістемелік еңбектері» атты мақалалар жинағына озық ғылыми-әдістемелік мақала жинағына жұмыс жариялағаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.
2024 жылы «Үздік педагог-психолог» байқауының аудандық кезеңінен бас жүлде, облыстық кезеңінен де жетістікке жетіп республикалық кезеңге жолдамаға ие болған.
2025 жылы 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Ең үздік жыл психологі-2025» кәсіби республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін білім басқармасының Алғыс хатын иеленді.
Осы жетістігінің нәтижесінде 27-31 қазан аралығында Біркөлік шипажайына арнайы жолдамаға ие болды.
Бүркітбаева Гүлнар Бектұрғанқызы- өз ісіне адал, кәсіби біліктілігімен, шеберлігімен танылған жаңашыл педагог-психолог.