КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БОЛДЫ
Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің заңгері Ербол Жұбатқанов пен маманы Гүлшат Серікбаева білім беру мекемелерінде болды.
Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері мекеме қызметкерлерімен жүздесіп, олардың әлеуметтік және еңбек құқықтарының сақталуы мәселелеріне назар аударды. Кәсіподақ мамандары ұжым мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, еңбек заңнамасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, олар мекемеде қоғамдық зерделеу өткізіп, еңбек жағдайлары, ұжымдық шарттың орындалуы, қызметкерлердің құқықтарының сақталуы сияқты маңызды аспектілерге баға берді. Бұл зерделеу білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарын жақсартуға және кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Кәсіподақ мамандары осындай кездесулердің ұжым үшін маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын табатынын жеткізді.
-
Фото
-