«ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛІ»
Жақында осындай тақырыпта қалалық семинар-практикум өтті. Іс-шараны Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағының Жетісу аудандық филиалы ұйымдастырды.
Семинар ойын түрінде өткізілді, бұл қатысушыларға еркін пікір алмасуға және тақырыпты терең талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шараға қаланың барлық аудандарынан өкілдер қатысып, өздерінің лайықты еңбек пен еңбек құқықтарын қорғау саласындағы білімдерін көрсетті. Семинар барысында жас педагогтар ерекше белсенділік танытты.
Кездесу барысында Жетісу ауданының түрлі байқауларында жеңімпаз және жүлдегер атанған ұстаздар мен қызметкерлер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Семинардың соңында кәсіподақ қозғалысының белсенді мүшелері «Ұстаз кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мектептер мен балабақшалардың жұмысшы және техникалық қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағы Жетісу аудандық филиалы
-
Фото
-