ЖАҢАШЫЛ МАМАН
Талдықорған қаласының «Құрама үлгідегі №3 ясли-бақшасы» МКҚК дефектологы Жұпар Бақыбаева Жупар 2004 жылдан бері мектепке дейінгі білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келеді.
Кәсіби жолында ол заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды тиімді қолданып, балалармен жұмыс істеуде ерекше әдістемелік шеберлік пен шығармашылық көзқарас танытып келеді. Ұстаздың басты ұстанымы – әр балаға жеке көңіл бөлу, даму мүмкіндігін ашу және білімге деген ынтасын арттыру.
Жұпар Тоқанқызы бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, кәсіби шеберлігі мен мейірімділігі ұжым арасында үлкен беделге ие болды. Өз ісіне адал, жаңашыл маманның қажырлы еңбегі жоғары бағаланып, ол Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапат – ұстаздың табанды еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және бала жүрегіне жол таба білген парасаттылығының айғағы. Марапатыңыз құтты, еңбегіңіз жемісті болсын!
Жетісу облысы, Талдықорған қалалық филиалы