ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Сағындық Айжан Серікқызы - Қызылорда облысы Арал қаласындағы “Жайлы мектеп” жобасы аясында ашылған №292 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, өз ісіне адал, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруды басты мақсат еткен ұстаз.
Түрлі олимпиада, байқауларда бағын сынап жүрген ұстаз 2025 жылы наурыз айында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласында өткен “МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА-2025” республикалық олимпиадасында топ жарып, бас жүлдені иеленді. Осы үлкен жетістігінің нәтижесінде “Біркөлік” шипажайына арнайы жолдама табысталып, 2025 жылдың 27-31 қазан аралығында шығармашылық демалыста болып, жаңа идеялар мен шабыт сыйлап, кәсіби шеберлігін шыңдауға үлкен серпін берді.
Ұстаздың еңбегі – ұлт болашағына бағытталған мәңгілік еңбек. Шабытыңыз бен жігеріңіз сарқылмасын!