ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Әбілдаева Индира Шамшатқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданынына қарасты Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, өз ісіне адал, кәсіби біліктілігімен және жаңашыл әдістемесімен ерекшеленетін ұстаз. 2024 жылы білім сапасын арттыруға бағытталған ізденісі мен тәжірибелік еңбегінің нәтижесінде «Үздік авторлық бағдарлама – 2024» республикалық байқауында І орынды иеленіп, шығармашылық шеберлігі мен ғылыми көзқарасының биіктігін дәлелдеді. Осы жетістіктің нәтижесінде «Біркөлік» шипажайына арнайы жолдама беріліп, 2025 жылдың 27-31 қазан аралығында шипажайда кәсіби және рухани қайта жаңғырып, денсаулық пен күш-қуатын толықтырып қайтты.
Ұстаздың табысы – жүйелі еңбектің, тұрақты ізденістің және білімге деген жүрек қалауынан бастау алады.
Шығармашылық және кәсіби өрлеу жолы әлі де жалғаса берсін!