КӘСІПОДАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ:ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ және қоғам: заманауи көзқарас» тақырыбында оқу семинары өтті. Іс-шараға Тараз қалалық және аудандық филиалдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жаңа сайланған жетекшілері мен белсенді комитет мүшелері қатысты.
Кәсіподақ қозғалысының қазіргі қоғамдағы рөлін талқылап, әлеуметтік әріптестік пен ұйымішілік корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында өткен семинардың модераторлары Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, төраға орынбасары Жанболат Орынбеков, құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова және кәсіподақ аппаратының басшысы Бейбіт Бекназаров болды.
Семинар барысында Ерұлан Мағзымбеков кәсіподақ қозғалысының қоғамдағы маңызын атап өтіп, мүшелікпен қамтылудың артықшылықтары мен кәсіподақ мүшелерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы туралы баяндады.Жанболат Орынбеков өз сөзінде кәсіподақ мүшелерінің білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі комиссиялар құрамындағы жауапкершілігіне тоқталды.
Ал Әлия Джолшибекова корпоративтік мәдениет пен ұжымдық ахуалды қалыптастыруда кәсіподақ көшбасшыларының рөлі жөнінде ой бөлісіп, бастауыш ұйымдардың құжаттамасын жүргізу тәжірибесімен таныстырды.Бейбіт Бекназаров кәсіподақтың ақпараттық және имидждік қызметін жетілдіру бағыттары жөнінде баяндама жасады.
Семинар соңында еңбек және салалық заңнаманы қолдану мәселелері бойынша сұрақ-жауап сағаты ұйымдастырылып, қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алды. Іс-шара қорытындысында қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында сауалнама жүргізіліп, барлық қатысушыларға семинардан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.
Жамбыл облыстық ұйымы
-
Фото
-