КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Түркістан облысының білім басқармасының Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты С. Базарбаев атындағы мектепте кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
Бұл кездесуді Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулланың бастамасымен ұйымдастырылды.
Кездесуді Түркістан облыстық ұйымының «Шапағат-педагог» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнара Тілеубердиева өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақтың басты мақсаты мен міндеттері, ұстаздардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар, сондай-ақ кәсіподақ мүшелігінің маңызы мен артықшылықтары кеңінен талқыланды.
Гүлнара Тілеубердиева педагогтармен еркін пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіподақ атқарып жатқан игі істер туралы ақпаратпен бөлісті.
Іс-шараға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Нұртанова, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Лаура Байғозова және мектеп ұжымы қатысты.
Кездесу жылы әрі мазмұнды өтті, ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, жаңа серпін алды. 
Осындай кездесулер педагогтардың бірлігін нығайтып, кәсіподақтың беделін арттыра түседі.
-
Фото
-