ІЗГІЛІК ПЕН МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ЖОБА
Уш жыл бойы 700-ден аса ерекше баланың арманына қанат бітіріп, қуаныш сыйлап келе жатқан «Армандар орындалады» жобасы қасиетті Түркістан қаласында өз жалғасын тапты.
Киелі шаһарда аталмыш жоба аясында 34-ші қайырымдылық іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – ерекше балаларға шаттық сыйлау, олардың өмірге деген сенімін арттыру және қоғамда мейірім мен ізгілікті дәріптеу.
Бұл игі бастамаға көптеген жүрегі кең азаматтар қолдау көрсетті. Солардың бірі – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла. Ол демеушілердің бірі ретінде балалардың жүзінен күлкі, жүректерінен шаттық көрінсін деген ниетпен жобаға атсалысты.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Әсел Бимырзаева, ерекше балалардың арманын жүзеге асырып жүрген нағыз жанашыр тұлға. Осындай қайырымды істердің көбеюі – баршамыз үшін үлкен қуаныш.
Балалардың жүзіндегі күлкі – әлемдегі ең үлкен бақыт!