МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІ ОТЫРЫСЫ
Маңғыстау облыстық ұйымының кезекті Атқару комитетінің отырысы өтті.
Жиында күн тәртібіндегі келесі мәселелер қаралды:
«Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК Бастауыш кәсіподақ ұйымындағы ұйымдастыру жұмыстары туралы. Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұргүл Избасарова атқарылған іс-шараларды баяндады. Колледж әкімшілігімен бірлесе отырып, ұжымдық шарттың талаптарының орындалуын қамтамасыз етіп, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға бағытталған. Жаңа жұмысқа қабылданған қызметкерлермен кәсіподақ жұмыстары туралы түсіндіру жүргізіліп, ұйым қатарына қосылуына жұмыстанады.
Кәсіподақтың Облыстық комитетінің, аудандық атқару кеңесінің қаулыларын және өздерінің шешімдерін бақылау және орындау жөніндегі Қарақия аудандық филиалының жұмыс жағдайы туралы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Маржан Қаржаубаева жан-жақты баяндама жасап, нақты деректермен бөлісті. Оның айтуынша, шешімдердің дер кезінде орындалуы – кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттырудағы маңызды факторлардың бірі. Сонымен қатар, ол кәсіподақ ұйымының атқарушы органдары қабылдаған шешімдердің орындалуын тұрақты бақылап отыру жүйелі жұмыстың кепілі екенін атап өтті.
Баяндамада аудандағы білім беру мекемелерінде атқарылып жатқан іс-шаралар, кездесулер мен әдістемелік көмек көрсету жұмыстары да сөз болды.
Күн тәртібіндегі «Түпқараған аудандық филиалының кәсіподақ кадрларын оқыту жөніндегі тұжырымдама аясында кәсіподақ белсенділерін оқытудың тиімділігін арттыру жұмыстары туралы», «Маңғыстау аудандық филиалында қаржылық қызметті ұйымдастыру және бухгалтерлік есепті жүргізу туралы» мәселелер бойынша хабарлама жасаған аудандық кәсіподақтың филиал төрағалары Гүлдария Жолдыбаева, Айтгүл Шугуровалардың мәліметтері мен есептері қаперге алынды.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша «Маңғыстау өнер колледжі» мен «Білім-иновация лицей интернаты» бастауыш кәсіподақ ұйымдарын тіркеу туралы, сондай-ақ ұйымның ағымдағы қызметіне қатысты өзге де мәселелер туралы қаралып, талқыланды.
Жиын барысында Атқару комитетінің мүшелері талқыланған мәселелер бойынша ұсыныстар енгізіп, олардың негізінде тиісті қаулылар қабылданды.
Отырысты қорытындылаған облыстық кәсіподақ төрағасы Тарбия Баймбетова Атқару комитетінің мүшелеріне барлық қойылған міндеттер толық әрі белгіленген мерзімде орындалуы қажеттігін атап өтті.
Жиынның 2 -ші жартысында «Зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлермен еңбек шартын бұзу» тақырыбында төрағаларға аппараттың құқықтық қызметтері жөніндегі бас маманы Н.С.Храмова түсіндіріп, оқыту семинарын өткізді.
Маңғыстау облыстық ұйымы