МЕРЕЙ ӨСІРГЕН МЕРЕКЕ
Бүгін Ақтауда қоғам қайраткері С.Н. Шапағатовтың 85 жылдығы мен №59 бөбекжайдың 35 жылдығына арналған «Ұлы тұлға өмірі - ұрпаққа өнеге» тақырыбында мерекелік іс шара өтті.
Бұл Ақтау қаласында 1991 жылы тұңғыш қазақ тілінде ашылған бөбекжай. Елін есінде мәңгі сақтау мақсатымен бөбекжайға ашылуына белсене араласқан Сайын Шапағатовтың аты берілді.С.Шапағатов ел үшін еңбек еткен, ұлт болашағына өз өмірін арнаған тұлға.
Мерекелік кешті бөбекжай меңгерушісі А.Худайбергенова құттықтау сөзімен ашып, Сайын Шапағатовтың елеулі еңбектерін атап өтсе, бөбекжай бүлдіршіндері «Мен атаммен мақтанамын» әнімен мереке шымылдығын ашып берді.
Мерекелік шара қонақтары «Парасат» қоғамының қайраткерлері Д.Аралбаев, М.Қибасов Сайын ағамыздың ел игілігі, оның ішінде ұлттық құндылықты, қазақ тілді балабақша мен мектептерді ашуға қосқан үлесі, халық үшін жасаған игі еңбектерін атап өтті.
Осындай мерекелік шараларға үнемі қолдау беріп отыратын облыстық және Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы да ұжым қызметкерлеріне алғыс айтып, ұйымға Алғыс хат пен сыйлық сертификат табыстады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы