 
                  ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМ ТӨРАҒАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауды ұйым төрағасы Жандос Шайдулла облыстық ұйымның заңгерімен бірлесіп жүргізді.
Кездесу барысында білім және ғылым саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіподақ қызметіне, еңбек қатынастарына және құқықтық мәселелерге қатысты нақты түсініктемелер алды.
Сонымен қатар қатысушылар әлеуметтік қолдау, еңбек дауларын шешу, ұжымдық шарттар мен кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау бағыттарында өз ұсыныстарын білдірді.
Жандос Шайдулла қоғамдық қабылдаулардың негізгі мақсаты – сала қызметкерлерінің өзекті мәселелерін дер кезінде шешіп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау екенін атап өтті.
Кездесу ашық және өзара пікір алмасу форматында өтті.
 
               
                                       
                                       
                                      