КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ДҮБІРЛІ ДОДАДА БАҚ СЫНАДЫ
2025 жылдың 28 қазан күні Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында дәстүрлі Спартакиада «Шағын футбол» жарысымен бастау алды. Қала мектептерінен 23 команда, барлығы 276 кәсіподақ мүшесі бақ сынады.
Спорттық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Командалар алдымен жеребе тартып, спорттық ойын жалғасын тапты. «Шағын футбол» жарысы нәтижесінде:
І орынға – Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп командасы, ІІ орынға – Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы ие болды. ІІІ орынды - №4 орта мектеп пен Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп командалары иеленді.
Филиал төрайымы Айым Ерікқызы жарыстың жеңімпаздарын құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Әлеуметтік әріптестер – А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектеп, Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы, Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп, №28 IT орта мектеп-лицейінің әкімшілігіне жарысты ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен қолдау үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!
Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалы