БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС
Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы мен Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің бастамасымен және ұйымдастыруымен Республика күніне орай білім қызметкерлері арасында волейбол жарысы өтті.
Бұл спорттық шараның негізгі мақсаты – ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерін дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс үш топта өткізіліп, финалдық ойындар Сауран ауданы, Оранғай ауылындағы спорт кешенінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жарыстың бас төрешісі – ардагер ұстаз О.Маннапов
бас хатшысы – М.Әуезов атындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Құлмырза.
Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1 орын – М.Әуезов атындағы мектеп;
2 орын – «Заңғар» мектебі;
3 орын – Жаңа Иқан мектебі;
3 орын – №3 жалпы орта мектеп.
Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше көзге түскен қатысушылар келесі номинациялармен марапатталды:
Ардагер ойыншы
Үздік ойыншы
Ең үздік әйел ойыншы
Үздік төрешілер
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Бұл шара – кәсіподақтың ұстаздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, еңбек адамын қолдауға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған нақты ісінің айғағы.
Іс-шараға қолдау көрсеткен Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаға, сондай-ақ Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ержан Исатаевқа алғыс білдіреміз!