
ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ
Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрайымы Лариса Тургинбаева Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған III Өңірлік әйелдер бизнес-форумына қатысты.
Форумда белсенді, табысты және мақсатшыл әйелдер – бизнес, қоғамдық ұйымдар, білім мен мәдениет салаларының көшбасшылары бас қосты.
Кездесу барысында ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, кәсіби өсу мен көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.
Шымкент қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Іскер әйелдер кеңесімен бірлесіп, әлеуметтік және білім беру бастамаларын жүзеге асыру бағытында серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдіреді.
Шымкент қалалық ұйымы
-
Фото
-