
КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Кәсіподақтар күніне орай Абай облысының Көкпекті аудандық кәсіподақ
ұйымының ұйымдастыруымен «Оқушылар шығармашылық сарайында» салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараға білім мекемелерінің басшылары және кәсіподақ ұйымының төрағалары, кәсіподақ саласындағы қызметке еңбегі сіңген кәсіподақ мүшелері қатысты.
Салтанатты кешті Көкпекті ауданы кәсіподақ ұйымының төрағасы Ш.Мұстафинова ашып, Көкпекті аудандық кәсіподақ комитетінің ұстаздар мен еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету, ынтымақ пен әріптестікті нығайту бағытында атқарылып жатқан игі істерге ерекше тоқталды.
Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына орай Көкпекті ауданы білім бөлімінің маманы К.Джунусбеков бастауыш ұйымдардың кәсіподақ төрағаларын кәсіби мерекемен құттықтап, кәсіподақ мүшелерін «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марараттады.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы Ш.Мұстафинова әлеументтік әріптестікті дамыту ісінде белсенді еңбек еткен азаматтарға Салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымының «Белсенді әлеуметтік әріптес» төсбелгісін, сондай-ақ «Еңбек озаты» төсбелгілерін табыстады.
Мерекелік іс-шара өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты. Шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Көкпекті аудандық кәсіподақ ұйымы, Абай облысы