
КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2–11-сынып оқушылары арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен республикалық олимпиада өтті.
Аталған додада Түркістан облысының намысын қорғаған Сауран ауданының білім бөліміне қарасты, Түркістан облыстық салалық кәсіподақтың бастауыш ұйымы М.Әуезов атындағы және №3 жалпы орта мектептердің 5 ұл мен 5 қыздан құралған командасы дойбы сайысында жүлделі І орынды иеленіп, өңір мерейін асқақтатты.
Жас спортшыларды жарысқа топ жетекшісі, №3 мектеп директоры Нұрлан Кәдіров, сондай-ақ жаттықтырушылары – М.Әуезов атындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Қадырхан Айтілеуов, Арман Құлмырза, №3 мектептің спорт нұсқаушысы Шоқан Муталиф және ҚББП әдіскері Диля Пірметова бастап барып, жоғары деңгейде дайындық жүргізді.
Жарыс жеңімпаздарын, олардың жетекшілері мен жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!