
ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА
7 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы бойынша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Шәкірт арманының қанаты – Ұстаз» атты мерекелік шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Өсер Тоқтағанұлы Тілепов, ардагер ұстаздар, мекеме басшылары мен 200-ден астам білім саласының қызметкерлері қатысты.
Өсер Тоқтағанұлы ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, білім саласында атқарған еңбектеріне алғыс білдіріп, педагогтерді Маңғыстау облысы әкімінің және Түпқараған ауданы әкімінің «Алғысымен» марапаттады.
Сондай-ақ, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Малика Асқарқызы Изтелеуова білім саласының дамуына қосқан елеулі үлестері үшін мұғалімдерге Маңғыстау облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасы» мен «Алғыстарын» табыстады.
Түпқараған аудандық филиалы төрағасы Жолдыбаева Гүлдария Мирқызы аудандық кәсіподақ төрағасы қызметін атқарған және зейнетке шыққан ұстаздарды мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарымен ілтипат көрсетті.
Шара соңы ұстаздарға арналған концерттік бағдарламамен жалғасып, ән мен жырдан шашу шашылды.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
-
Фото
-