
«ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК...»
Жуырда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұстаздарға алғыс!» апталығы және Қазақстан Республиксы Кәсіподақтарының 120 жылдық мерекесі аясында «Тарихқа – тағзым, бүгінге – өзгеріс, болашаққа – сенім» айлығы аясында Махамбет ауданы «Өнерпаз» мәдениет үйінде салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев Ұстаздар күнімен құттықтады.
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, өскелең ұрпаққа жол нұсқайтын ең құрметті, ең абыройлы мамандық иесі. Сіздердің тәлімдеріңіз бен тағылымдарыңыздың арқасында еліміздің ертеңі – жас буын биік мақсаттарға жетіп, қоғам дамуына өз үлесін қосуда.
Саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған, шәкірт жүрегіне ізгілік пен ізденіс дәнін сепкен әр ұстазға алғыс білдіремін!
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін».
Сөз соңында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев бір топ ұстаздарға Алғыс хат және ескерткіш сыйлық табыс етті.
Мерекелік кеште аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Жайлашев, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Махамбет ауданы Білім бөлімінің басшысы Венера Қабышева құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты жиында ұстаздарға арналған әсерлі өлеңдер, жүрекжарды әндер мен би қойылымдары ұсынылды.
Атырау облыстық ұйымы