
АРДАГЕР ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Маңғыстау облыстық ұйымының Түпқараған аудандық филиалы және бастауыш кәсіподақ ұйымдары ұстаздар күні мен кәсіподақтың 120 жылдық мерейтойына орай ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, салтанатты құттықтау шараларын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ардагер ұстаздарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Олардың білім саласын дамытуға және жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор еңбегі, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына сіңірген үлестері ерекше атап өтілді.
Кездесу барысында жылы лебіздер айтылып, естеліктермен бөлісілді. Ардагер ұстаздарға деген ризашылық пен құрметтің айғағы болған бұл шара мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық ұйымы