
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАРЫ КӘСІПОДАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Шымкент қаласында еңбек ұжымдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақ белсенділерін біріктірген салтанатты іс-шара өтті.
Қаланың білім беру саласы қызметкерлері атынан қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөз сөйлеген республикалық кәсіподақ қозғалысының ардагері Ващенко Валентина Максимовна өз сөзінде кәсіподақтардың ұзақ жылдар бойы әлеуметтік әділдік пен ынтымақтың, сондай-ақ еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың берік тірегі болып келе жатқанын атап өтті.
Бұл мерекелі күні Шымкент қалалық комитетінің кәсіподақ мүшелерінің бірқатары еңбектері еленіп, лайықты марапаттарға ие болды.
Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды:
Хасанова Нигара Юлдашбаевна.
Қалалық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен марапатталды:
Бекеева Гүлайша Әшімқызы.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды:
Джапарова Акилай Айтакеқызы;
Салибекова Айгүл Орынбасарқызы;
Асқарова Эльвира Мамедқызы;
Мыңжасарова Кенжеқыз Исабекқызы.
«Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталды:
Бихондиева Айзада Шерниязовна.
ФПРК-ның «Еңбек озаты» медалімен марапатталды:
Жүнісова Рахат Ильясқызы.
«Қазақстан кәсіподақтарына 120 жыл» мерейтойлық медалімен кәсіподақ қозғалысының ардагері
Ващенко Валентина Максимовна марапатталды.
Мерекелік шара кәсіподақ қозғалысының дамуын, ұрпақтар сабақтастығын және еңбеккерлердің құқықтары мен абыройын қорғаудағы кәсіподақтардың сенімді тірек ретіндегі орнын айқын көрсетті.
Шымкент қалалық кәсіподақ комитеті