
ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА МЕРГЕНДІК САЙЫС ӨТТІ
Ұстаздар күні мерекесіне орай Ақтөбеде Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен мұғалімдер арасында пневматикалық мылтық атудан «Мерген ұстаз – 2025» атты аудандық байқау ұйымдастырылды.
Жарысқа аудан мектептерінің ұстаздары қатысып, өз мергендігін сынға салды. Байқау барысында педагогтар бір-бірімен шеберліктерін салыстырып қана қоймай, ерік-жігер мен ептіліктің де үлгісін көрсетті.
Нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар аудандық кәсіподақ ұйымының атынан кубок, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бұл шара ұстаздардың кәсіби мерекесін ерекше атап өтудің бір жолы болып, педагогтар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті арттырды.