
МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЖАС ҰСТАЗДАР ИГІ ДӘСТҮРДІ ЖАЛҒАСТЫРДЫ
Ақтөбеде Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің мүшелері Халықаралық қарттар күні мен Ұстаздар күні мерекесіне орай ардагер педагогтарға арнайы барып, ізгі тілектерін жеткізді.
Жастар кеңесінің мүшелері ардагер ұстаздардың үйіне барып, сый-құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Олардың қатарында “Жансая” балабақшасының ардагер меңгерушісі, Ақкемер орта мектебінің, Елек негізгі орта мектебінің, Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінің және Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектептің ардагер ұстаздары бар.
Жас ұстаздар ардагерлердің ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтіп, ұстаздық жолдағы тәжірибе кейінгі буынға әрдайым үлгі екенін жеткізді.
Айта кетейік, бұл шараның басты мақсаты – ұстаздарға деген құрметті арттыру, жас буынның бойына ұстаздық еңбектің қадір-қасиетін сіңіру болып табылады.