
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Астанада өткен салтанатты жиында еліміздің үздік педагогтары марапатталды. Солардың қатарында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы, кәсіподақ мүшесі Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы да бар.
Мемлеккт басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев педагогтарды Ұстаздар күнімен құттықтап, олардың еңбегінің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес, Дархан Шаңбаев көп жылғы адал қызметі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.
Дархан Шаңбаев – 11 жылдан бері техникалық және кәсіптік білім беру саласында еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог. Ол «Автоматтандыру және басқару» бөлімінің меңгерушісі, техника ғылымдарының магистрі, педагог-модератор.
Оның жетекшілігімен білім алушылар республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Оның шәкірттері «WorldSkills», «DOSTI Skills Almaty», «Мен – кәсіпкермін» сияқты беделді жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.
Дархан Түгелбайұлының өзі де кәсіби байқаулардың жеңімпазы атанып, шетелдік тағылымдамаларға қатысып келеді. Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен марапатталған.
Президенттің қолынан алған марапат – ұстаздың қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Бұл марапат Ақтөбе облысындағы ғана емес, тұтас еліміздің техникалық білім беру саласындағы жетістіктерін көрсетеді.
Дархан Түгелбайұлын марапатымен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен кәсіби табыс тілейміз!
-
Фото
-