
АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жыл сайын елімізде Халықаралық қарттар күні кеңінен аталып өтіп, қоғамымызда ардагерлерге деген ерекше ілтипат пен сый-құрмет көрсетіледі. Бұл күн – аға буынның өмірлік тәжірибесі мен даналығын үлгі тұтып, кейінгі ұрпаққа өнеге ететін қастерлі мерекелердің бірі.
Осыған орай, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы қарттар күніне байланысты ардагер ұстаздарға арнайы құрмет көрсетті. Бұл үлкенге ізет, кішіге үлгі боларлық дәстүр жалғастығының жарқын көрінісі.
Ұрпақтар сабақтастығының айғағы болған осы игі шара соңында ардагер ұстаздар мен ақжаулықты аналар өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Ақтөбе облыстық ұйымы