
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ұстазға алғыс!» апталығы аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы өңіріміздің ардагер ұстаздарын арнайы құттықтады.
Құрметке бөленген ардагер ұстаздарымыз:
Ж.Бабашов – Ө.Жәнібеков мектебінде ұзақ жылдар бойы орыс тілі пәнінен дәріс берген, өте білікті әрі білімді маман;
С.Сергелова – №15 М.Жұмабаев атындағы мектептің тарих пәнінің ардагер ұстазы, кәсіби шеберлігімен танылған педагог;
А.Атаметов – №2 Хамза атындағы жалпы білім беретін мектептің ардагер ұстазы, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған тәжірибелі ұстаз;
П.Саруаров – А.Байтұрсынов атындағы мектепте француз тілінен сабақ берген, 75 жасқа толған мерейтой иесі, тәжірибелі де білімді ардагер ұстаз.
Сонымен қатар, салалық кәсіподаққа сіңірген айрықша еңбегі үшін ардагер ұстаз П.Саруаровқа Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызының «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Ардагер ұстаздарымыз құрмет көрсетіп келген Жандос Шайдуллаұлына өздерінің ақ батасын беріп, жас буын үшін жасап жатқан игі істеріне сәттілік тіледі.
Бұл – ұстаздық жолға деген адал еңбектің, кәсіби біліктілік пен білімділіктің, жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлестің жарқын көрінісі.