
ҚЫРАҒЫЛЫҚ ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ ИЕСІ
«Кәсіподақ мүшесінің бір күні» бейнероликтер сериясының бүгінгі кейіпкері – Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің вахтер қызметкері Қарлығаш Оразбаева.
Қарлығаш Оразбаева – өз ісіне адал, үлкен жауапкершілікпен еңбек етіп жүрген тәжірибелі қызметкер. Ол мектептегі қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуына зор үлес қосып, оқушылар мен ұстаздардың алаңсыз білім алуы мен жұмыс жасауына жағдай жасап келеді.
Күнделікті еңбегінде қырағылық пен ұқыптылық танытып, әріптестеріне үлгі болып жүрген Қарлығаш Есенғалиқызы ұжым ішінде сыйлы, ал балаларға әрқашан қамқор жан ретінде танылған.
Оның тынымсыз еңбегі – қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы орны ерекше екенін айқын көрсетеді.