
ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ, ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ
Қарттар күніне орай Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығындағы жаңа №292 орта (Келешек) мектебінде ардагер ұстаздарға арналған мерекелік шара өтті. Іс-шара Арал ауданы бойынша білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен ұйымдастырылып, ең қадірлі қонақтар – ардагер ұстаздар болды.
Кешке аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамет Бохаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұмабай Мирманов қатысып, ардагер ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында өнерпаз бүлдіршіндер өнер көрсетіп, «Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ардагерлер жаңа мектепті аралап көріп, бүгінгі білім саласындағы игі істерге ризашылықтарын жеткізді.
Ардақты ардагер ұстаздарымызды Қарттар күнімен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз – бүгінгі ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар.