
ШАЛҚАРЛЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕМАЛЫСТА
Ақтөбенің Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы жазғы мезгілді білім саласы қызметкерлері үшін тиімді ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
Биыл да кәсіподақ ұйымының қолдауымен ауданның білім қызметкерлері еліміздің әр өңіріндегі шипажайларда денсаулықтарын түзетуге мүмкіндік алды. Атап айтқанда, білім қызметкерлері Алға, Жамбыл, Қостанай және Сарыағаш өңірлеріндегі белгілі сауықтыру орындарына барып, толыққанды демалып қайтты.
Айта кетейік, білім қызметкерлері үшін мұндай демалыстың маңызы зор. Біріншіден, денсаулықты жақсартуға ықпал етсе, екіншіден, келесі оқу жылына тың күшпен оралуға себеп болады. Кәсіподақ мүшелері бұл қолдауға ризашылықтарын білдіріп, демалысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.
-
Фото
-