
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
«Мектепке жол» республикалық науқаны аясында, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы мүшелік ұйымдарын қамти отырып, 150-балаға 750 000 теңге көлемінде қайырымдылық қолдау көрсетті.
Шараның негізгі мақсаты барлық балалардың білім алуға тең қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті болдырмау, әлеуметтік санаттағы қызметкерлердің және ерекше қажеттіліктері бар балаларға мейірім мен қолдау көрсету арқылы мектепке дайындауға бағытталған.
Еліміздің ертеңі жас ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болсын!
Шара соңында қатысушылар кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ филиалы