
КӘСІПОДАҚ – ҚОЛДАУШЫ
Мен Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің оқытушысымын. Маусым айында оқыс жағдай орын алып, тоқ жүйесінің түйінделуінен тұрып жатқан үйімді өрт шалды. Отбасымызға түскен ауыр жағдайға байланысты қиналған кезде бірнеше жерге көмек сұрап, өтініш жазған болатынмын.
Берген өтінішім қанағаттандырылып, қажетті техникалық жабдықтар мен тұрмыстық бұйымдармен көмек көрсетілді.
Қарапайым ұстаздардың өтінішін жерде қалдырмай, көмек қолын созып, қамқорлық көрсетіп, жылы сөздерімен жаныма желеу бола білген Қазақстандық оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымына, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымына және колледж ұжымына алғысым шексіз.
Жұмыстарыңызға табыс, жетістік, шарықтау тілеймін!
Р.Тәжіғалиева,
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің кәсіподақ мүшесі