
МАҢҒЫСТАУДА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫН ҚОЛДАДЫ
Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шаралардың бірі.
Акцияның мақсаты жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Мұнайлы аудандық филиалы дәстүрлі акцияны биыл «Балаларды қуантайық!» тақырыбымен өткізуде.
Акцияға Мұнайлы аудандық филиалы бюджетінен 873 100 теңге бөлініп, білім беру ұйымдарында қызмет ететін көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына оқуға қажетті мектеп сөмкесі мен оқу құрал- жабдықтары табысталды. Акция аясында 80 балаға материалдық көмек көрсетілді.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық филиалы