
ОЙЫЛДЫҚ ҰСТАЗДАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ
Ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Ал олардың тынығуы мен денсаулығын нығайту – маңызды міндет. Осы орайда Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жылдағы үрдіс бойынша өз мүшелеріне арнап биылғы жаз мезгілінде сапалы және шипалы демалыс ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді.
Кәсіподақ қолдауымен білім саласының қызметкерлері еліміздегі белгілі шипажайларға барып, денсаулықтарын нығайтып қайтты. Атап айтқанда, кәсіподақ мүшелері «Манкент», «Мерке», «Ердәулет», «Айсары», «Шипагер» және «Сосновый бор» шипажайларында демалды. Шипажайлардың емдік шаралары мен қолайлы ауа райы ұстаздардың денсаулығын жақсартып, рухани демалып, күш-қуат жинауына себеп болды.
Білім қызметкерлерінің бір бөлігі еліміздің рухани және табиғи бай өңірлерінің бірі Бурабайға тарихи-танымдық саяхат жасады. Табиғатпен үндескен демалыс саяхатшылардың сергектігі мен күш-қуатын арттырды.
Кәсіподақ ұйымы демалыс шараларын мұнымен шектемей, алдағы уақытта тағы бір топ білім қызметкері үшін өңіріміздегі «Юкон»емдеу-сауықтыру орталығында демалыс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл орталықта қазіргі заманғы емдеу және сауықтыру қызметтері қарастырылған.
Мұндай қолдау шаралары білім қызметкерлеріне деген шынайы қамқорлықтың айғағы. Кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйымдастыру арқылы ұйым олардың еңбекке деген құлшынысын арттырып, жаңа оқу жылына тың серпінмен оралуына себеп болуда...
-
Фото
-