
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САРЫАҒАШ ШИПАЖАЙЫНДА
Жазғы демалыс кезеңінде Ақтөбенің Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері еліміздегі ең танымал сауықтыру аймақтарының бірі Сарыағаш шипажайына барып, тынығып қайтты.
Сарыағаш өңірі – табиғи минералды суларымен және климаттық ерекшеліктерімен белгілі шипалы мекен. Білім қызметкерлері арнайы медициналық тексеруден өтіп, әртүрлі емдік процедуралар қабылдады. Бұл олардың денсаулығын жақсартуға, шаршаған жүйке жүйесін қалпына келтіруге үлкен септігін тигізді.
Демалыс барысында ұстаздар Сарыағаш өңірінің табиғи көрікті жерлерін аралап, тарихи-мәдени нысандармен танысты. Мұндай танымдық серуендер ұстаздар қауымына ерекше әсер сыйлап, шабыттарын арттыра түсті.
Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бұл бастамасы кәсіподақ мүшелеріне деген шынайы қамқорлық пен қолдаудың айғағы. Кәсіподақ мүшелері бұл мүмкіндікке дән риза болып, ұйым тарапынан алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасарына сенім білдірді.