
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының кезекті Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырысқа Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев төрағалық етіп, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
1. Кәсіподақтың техникалық еңбек инспекциясының 2024 жылғы еңбекті қорғау бойынша жұмысының қорытындылары;
2. Астана қаласының білім беру қызметкерлері арасындағы Спартакиаданың нәтижелері (Кәсіподақтың 25 жылдығына орай);
3. Жас педагогтерге арналған семинар-тренингтің қорытындысы;
4. ҚР Еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау жөніндегі комиссияның құрамы;
5. 2025 жылы кәсіподақ мүшелерінің санаторлық-курорттық сауықтыруын ұйымдастыру барысы.
Батыр Әлиев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңінен тоқталып, Атқару комитетінің мүшелерімен бірге пікір алмасып, ұсыныстарды ортаға салды. Қатысушылар белсенділік танытып, бірқатар маңызды ұсыныстар айтты.
Атқару комитеті күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылдап, тиісті қаулылар бекітілді.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағы