
ШАБЫТҚА ТОЛЫ САЯХАТ: КӨЛСАЙ, ҚАЙЫҢДЫ, ШАРЫН
Қызылорда Облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастау алған бұл жолғы бағытымыз Алматы облысы аумағында орналасқан Көлсай, Қайыңды көлдері мен Шарын шатқалында 100-ге жуық ұстаздың қатысуымен үш күндік танымдық-туристік сапар ұйымдастырылды.
Бұл бастама – кәсіподақ тарапынан ұстаздар қауымына көрсетілген қолдаудың, сондай-ақ олардың еңбегін бағалаудың бір көрінісі. Сапар барысында қатысушылар табиғаттың тамаша көріністерімен етене танысып, ерекше көңіл күйде уақыт өткізді.
Көлсай көлдері — көгілдір аспан мен жасыл орман үндестігі арқылы бейбіт тыныштықты сезіндіреді.
Ал Қайыңды көлі — су астында сақталған орман көрінісімен көз тартса, Шарын шатқалы — ғасырлар қойнауынан сыр шертетін табиғаттың таңғажайып туындысы десек артық етпес.
Табиғат аясында өткізілген бұл саяхат ұжымның ауызбіршілігін арттырып қана қоймай әріптестер арасындағы кәсіби қарым-қатынастың нығаюына ықпал етеді.
Кәсіподақ бастамасымен жүзеге асып жатқан мұндай мазмұнды шаралар сала қызметкерлерінің еңбекке деген ынтасын арттырып, рухани серпіліс сыйлайтыны сөзсіз.
-
Фото
-