
ҚОБДАЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙДА ТЫНЫҒЫП, ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
♻️Жазғы демалыс – мұғалімдер үшін денсаулығын нығайтып, рухани тынығуға мүмкіндік беретін маңызды кезең. Осыны ескерген Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы кәсіподақ мүшелерінің жазғы демалысын тиімді өткізуіне қолдау көрсетіп, арнайы сауықтыру және тарихи-танымдық сапарлар ұйымдастырды.
✨Жазғы каникул кезінде Қобда ауданының кәсіподақ мүшелері Сарыағаш өңірі мен Ақтөбе облысындағы шипажайларда демалып, емдік-сауықтыру шараларынан өтті. Сарыағаштың шипалы минералды сулары мен табиғи климаттық жағдайы, сондай-ақ жергілікті емдеу мекемелерінің қызметі ұстаздардың денсаулығын жақсартуға оң әсер етті.
🍃Ақтөбе өңіріндегі шипажайларға барған ұстаздар да кәсіби қызметтегі жыл бойғы қарбаластан кейін тынығып, денсаулықтарына ерекше көңіл бөлді. Бұл – алдағы жаңа оқу жылына тың күшпен оралуға берілген үлкен мүмкіндік болды.
✨Кәсіподақ мүшелерінің бір легі еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласына барып, тарихи-мәдени нысандарды аралады. Сапар барысында ұстаздар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен жаңғыртылған тарихи кешендермен танысып, халқымыздың бай рухани мұрасымен жақынырақ қауышты. Бұл саяхат педагогтардың дүниетанымын кеңейтіп, ел тарихына деген құрметін тереңдете түсті.
🗞️Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бұл бастамалары педагогтарға деген шынайы қамқорлықтың көрінісі. Демалыс пен саяхаттың мұғалімдер өмірінде алар орны ерекше екенін ескерсек, мұндай іс-шаралар ұстаздардың еңбекке деген ынтасын арттырып, шығармашылық серпін береді.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-