
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
📚Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға. Осындай жандардың бірі – Әйтеке би ауданындағы Жабасақ жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәжірибелі педагог Қосымова Гүлжан Бекмұратқызы.
📃Ол 1970 жылы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын тәмамдап, 1995 жылдан бері білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келеді. 30 жылға жуық тәжірибесі оның кәсіби шеберлігі мен жаңашылдыққа ұмтылысын айғақтайды.
📌Гүлжан Қосымова – оқушы жүрегіне жол таба білетін, білім мен тәрбиені тиімді ұштастыра алатын білікті ұстаз. Ол тек пән мұғалімі ғана емес, басқарушылық қабілетімен де танылған маман. 2016-2023 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2023 жылдан бастап тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
📋Еңбегі еленіп, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, 2021 жылы Ақтөбе облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталған. Бұл оның кәсіби жетістіктерінің нақты дәлелі.
🖇️Ұстаздың шәкірттері түрлі олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл –ұстаз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, әдістемелік мақалалары мен ашық сабақтары басылым беттерінде жарық көріп, тәжірибесі әріптестеріне үлгі болып отыр.
📑Сабақ үдерісінде заманауи технологияларды, түрлі оқыту әдістері мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра біледі. Облыстық және республикалық деңгейдегі кәсіби байқаулар мен семинарларға белсенді қатысатын ізденімпаз ұстаз – бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы маман.
🧩Қосымова Гүлжан Бекмұратқызы – өз ісінің шебері, нағыз ұстазға тән үлгі.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фото
-