
КӨҢІЛ ДЕ СЕРГІДІ, ҰЖЫМ ДА ҰЙЫСТЫ
Жұмыс пен күнделікті қарбалас сәттерден кейін таза ауада тынығу – әр адам үшін үлкен серпіліс. Осы мақсатта 26 маусым күні Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің Білім бөлімі ұйымының кәсіподақ ұйымы ұжым мүшелеріне арнап Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы “ Сәтті Самарка” демалыс орынында Білім бөлімі кәсіподақ ұйымы табиғат аясында демалыс ұйымдастырды.
Таңмен бірге жиналып, табиғат құшағына бет алған ұжым мүшелерінің көңілі көтеріңкі болды. Орман-тоғай мен өзен жағасында өткізген бір күн ұжымды бұрынғыдан да жақындата түсті. Ән шырқалып, ұлттық ойындар ойналып, дастарқан жайылды. Әріптестер арасындағы бірлік, шынайы қарым-қатынас пен ортақ қуаныш бұл демалысты ерекше әсерлі етті.
Осындай шаралар тек көңіл көтеру ғана емес, ұйымшылдық пен бір-бірімізге деген сыйластықты арттырудың таптырмас құралы. Кәсіподақтың осындай игі бастамалары – ұжымдағы жылы ахуалдың кепілі.
Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің төрағсы С. Ахметкалиев