
МЕРЕЙЛІ МЕКЕНГЕ МАЗМҰНДЫ САЯХАТ
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің бастамасымен бірқатар сала қызметкерлеріне Түркістан облысындағы «Біркөлік» демалыс аймағына тегін жолдама беріліп, туристік сапар ұйымдастырылды.
Еңбек адамының абыройы мен мәртебесін арттыруды мақсат еткен бұл игі шара жұмысшы маман иелеріне деген шынайы құрметтің көрінісі. Сапарға өз саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлер қатысты.
Табиғаты көркем аймақта өткен демалыс қатысушыларға жағымды әсер қалдырып, керемет естеліктер сыйлады деген сенімдеміз.
Мұндай тағлымды шаралар келешекте де өз жалғасын тауып, еңбек адамдарының рухын көтеруге сеп болары сөзсіз.