
РУХАНИ ДЕМАЛЫС СЫЙЛАҒАН САЯХАТ
Теміртау қаласындағы «Озат ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» ұжымы жазғы демалыс күндерін табиғаты тамаша, ауасы шипалы Бурабай өлкесінде көңілді әрі мазмұнды өткізіп қайтты.
Бұл саяхат ұжым бірлігін арттырып, жақсы көңіл-күй мен жаңа шабыт сыйлады. Сергектік пен жағымды эмоцияға толы демалыс әріптестер арасындағы өзара түсіністік пен жылы қарым-қатынасты нығайтты.
Осындай тамаша демалыс ұйымдастырғаны үшін кәсіподақ төрайымы Әйгерім Қуанқызына ұжым атынан зор алғысымызды білдіреміз!
«Озат ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі» ұжымы